BESTReferat.KZ Қазақша рефераттар Қазақша курстық жұмыстар Қазақша дипломдық жұмыстар
загрузка...
Бір шындықтың басы ашық, жаңа сапар ретінде жаһандану ақырына дейін түсініксіз болғанымен, бұл процестің бәйгесіне қосылғандардың болашағына айқын кепіл бола алмайтыны, бірақ біздің өмірімізді түбегейлі өзгертуге қабілетті де, өзгертуге тиіс те құбылыс екені аян. Әзірше белгілі болып отырғаны, жаһандануға «ұйтқы болушылардың» прогресі мен оның ізін қуушылардың немесе былайғы бақылаушылардың арасындағы алшақтап бара жатқан сәйкессіздік барысында, жаһандану дүниежүзілік қауымдастықтың саяси-экономикалық құрылымында белгілі дәрежеде мемлекет рөлінің әлсіреуіне, қоғамдық ойдың бір ізге түсуіне мұрындық болып отыр1. Қазір аймақтық қақтығыстар мен терроризм жайлы көп айтылып жүр. Бұл қауіптің Орталық Азияны айналып өтпесі және белгілі. Оның таралуы мен шығу себептері әртүрлі түсіндірілгенімен Ортлық Азия елдерінде болуы мүмкін терроризм мен экстремизмнің айрықша қауіпті аймақта орналасқан елдердің саяси жүйесі тұрақтанған, жағдайы бекем елдерге қарағанда транзитті, яғни өтпелі кезеңдегі мемлекеттердің саяси және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру әрекеті әлсіздеу болып отыр. Және де терроризмнің жекелеген сәтті акциялары осындағы жекелеген бір елдегі жағдайды ғана емес, тұтас алғанда аймақтағы бүкіл жағдайды тұрақсыздандырып жіберуге қабілетті. Сондай-ақ аймақта ғана емес, Еуразия кеңістігіндегі «ислам қатері» жөніндегі аңыздың қауіптілігі осы дағдылы қуесетті белсене таратудың ықтималдығында болып отыр. Орталық Еуразияның мойнындағы «өркениетті соғыс құрығын» тарта түсу арқылы ислам және христиан діндерін шекістіру – жаңа ұтымды қауіпсіздік жүйесін құруға бағытталған барлық іс-қимылдардың тамырына балта шапқандық болар еді. Ислам қатерімен қорқытып, қауіп-қатер бұлтын қоюлату үрдісіне Орталық Азия елдері атсалыспауы керек. Керісінше бұл «қарсылықты» жұмсарту мен болдырмау жолдарын қарастырған жөн. Исламды саясатқа қиыстырудың еш қисыны жоқ. Қазақстан қоғамында татулық пен өзара түсністік ахуалын орнықтыру, ел халқының тұрмыс жағдайын жақсарту тұрғысында жүргізіліп отырған шаралар біздің еліміздің ондай қатерлерге қарсы тұра алатын ішкі рухани және сыртқы материалдық қуатын барған сайын нығайта түсері анық.Қазақта «жақсы ниет жақсы іске жетелейді» деген сөз бар. Ал жақсы іс өз кезегінде бейбіт болашақтың бүгінгі егілген ұрықтары екендігін естен шығармайық. Басты байлық – бірлікте. Біз үшін еңбасты проблема – Кеңестер Одағы құлағаннан кейінгі орасан зор ауқымдағы рыноктан айырылып қалғандығымыз. Осы арқылы маңызды экономикалық тартымдығымыз бен экономикалық тамырымыздан біраз жылдар бойы ажырап қалдық. Бұл салысырмалы тұрақсыздық өз кезегінде әлемдік ірі экономикалық орталықтардың арзан шикізат көлеміне қарай тартылуын күшейтті. Мәселен АҚШ үшін Орталық Азия өзіне ыңғайсыз мүдделес болып табылатын өңірлік державалардан басым болу үшін және ұлттық мүдделерін қанағаттандырудың бір тетігі ретінде қажет. Ол державалар – Ресей, Қытай және Иран. Орталық азия өңірінде басым болу арқылы бірден аталған үш мемлекетке де қысым көрсетуге болады. қазақша рефераттар Ресей 1991 жылы Орталық Азиядан уақытша қол үзіп қалғанымен, 1994 жылдан бастап қайта оралу саясатын жүргізіп келеді. 2003 жыл 28 сәуірде құрылған жаңа әрі мейлінше күшті ҰҚКҰ біздің елдер арасындағы өзара жақындаса түсудің басты көрсеткіші болып отыр деп айтуға толық негіз бар. Ресей үшін Қазақстанның стратегиялық аса маңызды өңір екенін дәлелдеп жату артық болар. Мұны соңғы үш-төрт жылдағы Ресейдің Орталық Азияға , соның ішінде Қазақстанға қатысты ұстанған ықпалдасу саясатынан да көріп отырмыз. Елбасымыз Н. Назарбаев: «Өзінің мыңжылдық тарихында Қазақстан тұңғыш рет Қытаймен заңды түрде бекітілген шекараға ие болды. Ол шекара достық шекарасына айналды. Қытаймен тұрақты қарым-қатынас жасаудың Қазақстан үшін мән-маңызы ерекше. Осынау ұлы мемлекетпен қатынастарымызды «Шанхай бестігі» шеңберінде нығайта түсу планетамыздың осы бөлігіндегі аймақтық қауіпсіздіктің негізі болмақ» деген болатын1. Шындығында да, географиядан қашып құтыла алмаймыз. Қазақстанды басқа бір өзге қолайлы жерге ауыстыра да алмаймыз. Олай болса, біздің көршілігіміз – мәңгілік көршілік. Сондықтан да көпвекторлы бейбіт саясат пен мәмілегерлік біздің болашақтағы тағдырымыз да болмақ. Аймақ алдында барған сайын өткірлене түскен проблемаларды шешудің Қазақстан ұсынып отырған кілті шынында да «Орталық Азиядағы қопарылысқа» жол бермейтіні анық. Ондай болған жағдайда, Каспий мұнайы аймақ елдерінің бас ауруына емес, әлемдік экономика мен саясаттағы басты жолдамасына айналары сөзсіз. Біздің бұл позициямыз әрі қарапайым, бір мезгілде әрі ұтымды. Бұның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Мұндай стратегиялық мүмкіндігі бар елдер басқалардың назарына ілігеді. Ал қазіргі күрделі жағдайда, бұрынғы заңдар жұмыс істемей жатқанда, жуан жұдырықты сыртқы күштер белең адып тұрғанда, ортақ мүддені түсіне алатын сенімді әріптестердің болуы керек-ақ. Әрине, оның бәрі қажырлы қайраттың, тынымсыз ізденістің, ең бастысы жасампаз еңбектің арқасында ғана болмақ. Елбасымыздың сөзімен айтқанда: «Біздің саяси тұрақтылығымыз, көпұлтты Қазақстан халықтарының достығы, ел тыныштығы – ең бастысы. Біздің берекелі болашағымыздың кепілі де осында.

Создание сайта - студия Riskk.kz
[ 0.001 ]