BESTReferat.KZ Қазақша рефераттар Қазақша курстық жұмыстар Қазақша дипломдық жұмыстар
Пойск  
загрузка...

Жұқпалы аурулар


Жұқпалы аурулар туралы жалпы түсінік беріп, олардың жұғу жолдары мен сақтану шаралары және аурудың белгілерін оқыту, шығармашылық ойлауын қалыптастыру.
2. ¥лттық емдеу тәсілдері жайлы мағлұмат беріп, білімдерін дамыту.
3. Санитарлық-гигиеналық шараларды сақтау жөне салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес (шығармашылық).
Сабақ әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Қаттамалар, Венн диаграммасы, нақыл сөздер. Әр мүше құрылысының суреті.
Сабақ барысы:
I. ¥йымдастыру
II. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Жаңа сабақты пысықтап бекіту.
V. Үйге тапсырма.
Үйге берілген тапсырманы сұрағаннан кейін жаңа сабақ түсіндірілді. Бұл сабақ басқа сабақтарға қарағанда өзгешелеу өтілді. Алдын ала оқушыларды 4 топқа бөлдім. Әр топқа жеке-жеке жұқпалы аурулардың түрлері бөлініп берілді. "Жұқпалы аурулар» туралы материалдарды оқушылар өздері жан-жақты ізденіп аурулардың белгілерін, берілу жолдарын, сақтану шараларын мұқият оқып үйреніп, қаттамалар жөне Венн диаграммалары мен сызба нұсқаларымен көрсетулері керек.
1-топ: Тұмау
2-топ: Сары ауру (Гепатит)
3-топ: Туберкулез қауіпті дерт.
4-топ: Ішектік инфекция (Дизентерия)
Оқушыларға сөз берілмес бұрын өзім "Жұқпалы аурулар" туралы жалпы түсінік беріп өттім.
Қазір қысқаша сары ауруға тоқталып өтейін.
Сары ауру — бауыр ұлпасының вирус әсерінен зақымдалуы. Қазіргі кезде вирусты гепатиттің А, В, С, Д, Е түрлері бар. Инфекциялық гепатит вирусы 60°-қа дейін қыздырғанда 2-4 сағат, хлорамин ерітіндісінде 2 сағаттай шыдайды. Ауада және топырақта ұзақ уақыт сақталады. Бұл аурумен барлық жастағы адамдар, көбінесе балалар ауырады, себебі олар жеке гигиена талаптарын орындамайды. Инфекциялық гепатит кезінде 1 орында бауыр жарақаттанады, жүйке жүйесі де зардап шегеді. Гепатитгің ауыр өтуінің кейбір кезеңдерінде бауыр жасушалары, тіпті бауыр толығымен өледі. Бұл адамдар өліміне әкеледі. Гепатит өткеннен кейінгі иммунитет әр түрлі — біреуінде күшті әрі ұзақ, екшшісінде әлсіз.
Инфекциялық гепатитті маманданған медицина қызметкерлері емханада емдейді. Емдеуден кейін ауру адам белгілі бір уақыт карантиннен өтуі керек, оларға қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауға болмайды.
Сары аурудың алғашқы белгілері:
- оң жақ қабырға астының ауруы;
- тәбеттің жоғалуы;
- жүрек айнып құсуы;
- әлсіздік, шаршау дене қызуының көтерілуі;
- терінің кілегейлі қабатының сарғаюы несеп, дәрет түсінің өзгеруі.
Сары аурудың алдын алу шаралары:
- гигиена талаптарын сақтау;
- жеке ыдысы, орамалы, киім-кешегі;
- басқа адамдардан аластату керек;
- ауру бөлмесін залалсыздандыру.
Жазылған адамның диета ұстауы:
- сүтті тағамдар;
- жемістер;
- майлы емес сиыр еті;
- пісірілген балық;
- ботқа, макарон, вермишель;
- жеміс-жидек қайнатпалары.
Сабақты қорытындылау:
1. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
2. Сау дене, азат ақыл, адал көңіл — үшеуімен бақытты болады өмір.
3. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы —денсаулық.
4. Тазалық — денсаулық кепілі.
Оқушыларға нақыл сөздердің мағынасын ашу тапсырылды


Жұқпалы аурулар - Скачать

Зарабатывайте вместе с нами!!!




©2008-2014
Создание сайта - студия Riskk | Time 0.0184 | Memory 2.96MB |