BESTReferat.KZ Қазақша рефераттар Қазақша курстық жұмыстар Қазақша дипломдық жұмыстар
Пойск  

Глоссарий


Халықаралық валюта өтімділігі -жекелеген елдің немесе барлық елдердің өзінің сыртқы міндеттемелерін қолайлы төлемі қаражатымен үздіксіз төлеу мүмкіндігі.
Халықаралық сауда-қалыптасқан мемлекеттік ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлар мен қызметтер айырбасы.Қазіргі кезде халықаралық саудаға тауарлар айырбасымен қатар ғылыми –техникалық ой-пікір жетістіктерінің лизенцияларымен және ноу-хоумен халықаралық сауда жасау нысанындағы халықаралық айырбасы, күрделі құрылыс обьектілерімен және концультациялық қызметтермен сауда жасау, халықаралық лизинг т.б. кіреді.
Халықаралық сауда-саттық, тендерлер-халықаралық рынокта жабдықты сатып алуға берілген тапсырыстарды орналастырудың немесе кешенді обьектілерді салу және басқа жұмыстарды орындау, сондай-ақ инженерингтік қызметтерді көрсету үшін мердігерлерді тартудың конкурстық нысаны. Бұнда, конкурс шарттары күні бұрын жариялануы тиіс.
Халықаралық сауда палатасы-кәсіпкерлердің ұлттық федерациясының, экономикалық және қаржы байланыстарын дамытуға мүдделі 100 елдің іскер топтарын білдіретін бейүкіметтік халықаралық ұйым.ХСП елдер арасындағы экономикалық қатынастарды жақсартуға, іскерлік қатынастар орнатуға және өзара түсіністікке септігін тигізу мақсатын көздейді.
Халықаралық қаржы корпорациясы-ресми түрде дербес ұйым, бірақ халықаралық жаңғырту және дамыту банкінің фирмасы болып табылады. ХҚК жарғысы бойынша ол «мүше елдер арасында ,әсіресе, нашар дамыған елдер өндірістік жекеше кәсіпкерлік қызметтің өсуін көтермелеу жолымен экономикалық дамуға» септігін тигізу мақсатын көздейді.ХҚК қатысушы мемлекеттер территорияында капиталдарды жекеше кәсіпорындарға инвиститциялау шарттары туралы қажетті мәліметтерді ресми түрде жинау мақсатымен өз мемлекеттерін құрып, сол елдің ішкі істеріне араласу мүмкіндігін алады.
Халықаралық құқық- мемлекет пен халықаралық қарым-қатынасқа басқа да қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуші заңды принциптер мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық еңбек бөлінісі-қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғарғы сатысы. Жекелеген елдердің өнімінің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге мамандануы болып табылады.Халықаралық капиталистік еңбек бөлінісі халықаралық рыноктың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзлік шаруашылықтарға біріктіру факторы ретінде пайдаланылады.
Халықаралық экономикалық ыңтымақтастық-жекелеген елдер мен елдер топтары арасындағы шаруашылықтық байланыстар кешені. Ыңтымақтастық нысандары барған сайын күрделеніп, неғұрлым кешенді сиптқа ие болуда. Соңғы жылдары, мысалы өндірістің мамандануы, өтімділік негізінде өндірістің кооперациялануы, тікелей байланыстар, сондай-ақ ыңтымақтастық тың басқа көптеген түрлері кеңінен дамуда.
Халықаралық валюта қатынастары-дүниежүзлік шаруашылықта валютаның жұмыс істеуі кезінде қалыптасқан, ұлттық шаруашылықтар қызметінің нәтижелерін өзара айырбастауға қызмет көрсететін қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Халықаралық монополиялар- барынша көп пайда алу мақсатымен дүниежүзлік шаруашылықтың бір немесе бірнеше салаларын бақылайтын жекеше және акционерлік кәсіпорындардың ірі бірлестіктері. Олар шетелде күрделі жұмсалымдары бар ұлттық трестер мен консерндер, меншікті халықаралық монгополиялар және фирмалық одақтар нысанында болып келеді.
Халықаралық төлем қаражаттары- сыртқы экономикалық байланыстарда және әртүрлі елдер арасындағы халықаралық есеп айрысуда пайдаланылатын ақша өлшемдері.
Халықаралық есеп айрысу-әртүрлі елдер мен фирмалардың өкілдері арасында есеп айрысу, ол экономикалық, саяси және экономикалық байланыстар негізінде туындайды.Халықаралық есеп айрысу сыртқы саудамен, несиемен, инвеститциялармен, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен, техникалық көмекпен, сақтандырумен, байланыс қызметтерімен, сондай-ақ өкілдіктер мен делегацияларды ұқстаумен,туризммен т.б. байланысты.
Халықаралық шотесеп ақша өлшемдері- халықаралық борыш міндеттемелері, төлемдерді өлшемдестіру, валюталардың курстық арасалмағын анықтау, банк баланстары көрсеткіштерін салыстыру үшін қолданылатын шартты мөлшер болып табылатын жасанды валюта өлшемдері. Бұл есеп айрысу өлшемдерінің құны құрамы шарттық тәртіппен айқындалатын «Валюта қаржысына» теңестіріледі.
Халықаралық жаңғырту мен дамыту банкісі- БҰҰ-ның қатысушы елдердің экономикасын жаңғыртып, дамытуға қаржы жөнінен көмек көрсететін мамандандырылған мекемесі.ХЖДБ өз қызметін ұзақ мерзімді қарызбен кредит беру, жеке меншік инвеститцияларға кепілдік беру арқылы жүзеге асырылады.
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық банкісі-егеменді мемлекеттердің несие-қаржы ұйымы, ол көп жақты есеп айрысуды жүзеге асыруүшін құрылған және халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне, басым сауда қатынастарынан неғұрлым терен мамандануға және коперациялануына көшуге тікелей өндірістік және ғылыми байланыстарды кеңейтуге, бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдарды құруға, басқа елдермен сауда және экономикалық байланыстарды дамытуға септігін тигізуге тиіс.
Халықаралық бухгалтерлік стандарт-бухгалтерлік есепті жүргізудің нарықтық және инфляциялық процестерді және олардың кәсіпорынның материалдық-өндірістік босалқы қорларын ескеретін жалпы ережелер түріндегі бағдарламалары.
Халықаралық валюта қоры- халықаралық үкіметаралық валюта-қаржы ұйымы, ол валюта курстарын реттеу нормаларын белгілеу, олардың сақтауын бақылау, төлемдердің көп жақты жүйесі және валюталық шектеуді жою жолымен халықаралық сауда мен валюта ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу үшін, сондай-ақ, төлем баланстарының ауытқымалығына байланысты валюта қиындықтары кезінде өз мүшелеріне несие ресурстарын беру үшін құрылған.
Халықаралық кредит-халықаралық экономиткалық қатынастар саласындағы несие капиталының қайтарымдылық, мерзімділік және процент төлеу шартымен валюта және тауар ресурстарын беруге байланысты қозғалысы.
Халықаралық маркетинг- ұйым орналасқан елден тыс жердегі тауарлар мен қызметтер маркетингі.
Халықаралық аудит стандарты-аудиторлық тексеруді оңтайландырып, женілдететін халықаралық тәжірибиені ескеретін, кейбір аудиторлық фирмалар сапасының салыстырылуын қамтамасыз ететін нормалар мен жалпы ережелердің кешені.


Глоссарий - Скачать

Зарабатывайте вместе с нами!!!




©2008-2014
Создание сайта - студия Riskk | Time 0.0405 | Memory 2.97MB |